Ақтау маңындағы ұшақ апаты: 6 адамның тірі қалғаны белгілі
Фото: Ақтау әкімдігі
Фото: Ақтау әкімдігі
25.12.2024 12:31
416
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр Мәжілістің кулуарында БАҚ өкілдеріне тірі қалған адам санын айтты.
Арнайы ұшақ пен 4 бригада жедел жәрдем қызметі аттанды. Әзірге 6 адамның тірі қалғаны белгілі. Олардың жағдайы өте ауыр, - дейді Ақмарал Әлназарова.
Бұған дейін ұшақтың Embraer 190 ұшағы құстармен соқтығысқанын жазған едік.
Көлік министрлігі әуе кемесі Әзербайжанның Az Airlines компаниясына тиесілі екенін айтты. Ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалған.
Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады. Арнайы тергеу жүргізіледі, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтау маңында ұшақ құлады: апаттың болжамды себебі аталды
Келесі жаңалық
Ұшақ апатын Қазақстан тарапы тергейтін болады