Ақтау көшелерінің бірінде ер адам қайтыс болды
21.08.2025 23:14
Фото:
©El.kz/Арман Мухатов
Ақтау көшелерінің бірінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көз жұмған. Белгілі болғандай, марқұм курьер болып жұмыс істеген. Ол тапсырысты 5-шағынауданда орналасқан «Волна» базары маңына жеткізгеннен кейін өзін жайсыз сезініп, құлап қалған. Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Олар жағдайдың нашарлауына ыстық ауа райы себеп болды деп ойлап, ер адамға су бүркіген.
Полиция департаментінің хабарлауынша, қоңырау бүгін, 21 тамыз күні, сағат 13:32-де түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, 1976 жылы туған ер адам биологиялық өлімге ұшыраған. Қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталмақ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

