Жаңалықтар

Ақтау гарнизонында спорттық жарыс өтті

Ақтау гарнизонында спорттық жарыс өтті
Фото: Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі 10.02.2024 10:51 734

Қазақстан әскерінің Тәжік-Ауған шекарасынан шығарылғанына 24 жыл толуына орай Ақтау гарнизонының жеті әскери бөлімшесі арасында спорттық жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскерилер армрестлинг, гір көтеру және шағын футболдан бақ сынады. Барлық командалар жоғары дайындық пен ерік-жігерін көрсетті. 

Командалық жарыс нәтижесінде теңіз жаяу әскерлері бригадасы 1-орынды иеленіп, жеңіске жетті. 2-орынды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, 3-орынды әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы иеленді. Мұндай жетістіктер — осы әскери бөлімдердің ерекше дайындығы мен шеберлігінің көрсеткіші. 

Әскерилер бұл турнир арқылы мығым әскери даярлық пен қажыр-қайратын көрсетіп қана қоймай сонымен бірге маңызды оқиғаның мерейтойын да атап өтті. Сонымен қатар,  ардагерлердің құрметі мен ерлігіне баса назар аударылды. Осылайша, Қарулы Күштердің жауынгерлік бауырластығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға