Жаңалықтар

Ақтау-Баянды тас жолында көлік апатынан екі адам қаза тапты

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Ақтау-Баянды  тас жолында көлік апатынан екі адам қаза тапты
Фото: polisia.kz 11.02.2023 22:00 1813

11 ақпан сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тас жолының 11 шақырымында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.  

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қаза тапты. Бір жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға