Жаңалықтар

Ақтау әуежайының жұмыс режимі өзгереді

Ақтау әуежайының жұмыс режимі өзгереді
Фото: aktau-airport.kz 01.08.2024 11:28 443

Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуежай мәліметінше, жұмыстарды 2024 жылдың қыркүйек, қазан айларында жүргізу жоспарлануда. Ақтау әуежайы осы кезеңде мынадай регламент бойынша жұмыс істейтін болады:

2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 29 қыркүйекке дейін:

сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері – тәулік бойы 24 сағат;

дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері – Ақтау уақыты бойынша 21-00-ден 09-00-ге дейін;

жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта Ақтау уақыты бойынша 09-00-ден 21-00-ге дейін жүргізілетін болады.

2024 жылғы 30 қыркүйектен 20 қазан аралығында:

сейсенбі, жұма күндері – тәулік бойы 24 сағат;

дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі күндері – Ақтау уақыты бойынша 21-00-ден 09-00-ге дейін;

жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта Ақтау уақыты бойынша 09-00-ден 21-00-ге дейін жүргізілетін болады.

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы жолаушылардан кәсіпорынның қызметіне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға