Ақсу қалалық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізіледі
Фото: @baspasozpvl
Фото: @baspasozpvl
15.01.2023 12:00
1322
Облыс әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласына барып, электр станциясы мен ферроқорытпа зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кеше Ақсу қаласына барып, электр станциясы мен ферроқорытпа зауытының жұмысымен таныстым. Барлығы 10 000-нан астам адам еңбек ететін кәсіпорындар белсенді жұмыс істеп, дамып келеді. Сонымен қатар, күрделі жөндеуді қажет ететін қалалық аурухананы қарап шықтым. Денсаулық сақтау басқармасы емдеу мекемесіне ауданаралық мәртебе беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл шара аурухананы республикалық бюджет есебінен жарақтандыруға мүмкіндік береді. Ұсынысты қолдадым, құжаттарды тиісті министрлікке жібереміз, - деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, Ақсу қаласын дамыту жөніндегі кеңесте халықтың жаңа тұрғын үйлердің тапшылығы мен сапасына, жер учаскелерін бөлуге, абаттандыруға қатысты жиі түсетін шағымдары жайында сөз болды.
Жаңа қазандықты іске қосу мәселесі жеке қаралды. Көп инвестиция құйылған, бірақ әлі де іске аспаған жобаны зерттеуді тапсырдым. Ақсу қаласының әкімдігі барлық инженерлік коммуникацияларға алдын ала тексеру жүргізе отырып, магистральдық және жылу тарату желілерін қайта жаңартуға кіріседі, - деп қорытындылады Асайын Байханов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысының әкімі Семейдегі цемент зауытында болды
Келесі жаңалық
Алматыда бейнебақылаудың озық технологиялары енгізілді