Жаңалықтар

Ақша бопсалаумен айналысқан журналистер ұсталды

Ақша бопсалаумен айналысқан журналистер ұсталды
Фото: Polisia.kz 21.04.2023 16:00 965

Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный серіктестік басшысынан ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналистер ұсталды.

Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады,- деп хабарлады ведомстводан.

Олар қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға