“Ақша, әйтпесе жарамын!”: Қарағандыда кәмелетке толмаған "жалған террорист" ұсталды
31.10.2023 16:31
Фото:
©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ
Танысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген. “City Mall” сауда орталығында бомба жасырылды деген жазба облыстық әкімдіктің электронды поштасына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, хатта қыз таныс құрбысының нөмірін жазып, бомбаны жармау үшін төлем талап еткен. Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызмет өкілдері сауда үйінен 200-ден астам адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жұмыстарын жүргізді.
Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесін – 14 жасар қызды анықтады. Тексеру барысында хабарламаны онымен жанжалдасып қалған құрбысының жібергені анықталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

