15 Қазан 2025, 10:18

АҚШ университетінде менің портретім ілініп тұр – Гүлмира Дайрабаева

Танымал тележүргізуші әрі актриса Гүлмира Дайрабаева - шығармашылық пен мемлекеттік қызметті тең ұстап келе жатқан тұлға. 44 жасында «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та білім алып, үздік университеттің сенаторы атанған. Қаржы министрлігінде 4 жыл еңбек етіп, бүгінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпарат және қоғаммен байланыс саласына жауапты қызметкері.

Жуырда ғана көрерменге жол тартқан «Жас емес жұбайлар» комедиясында басты рөлді сомдаған Гүлмира ханым экранда да, өмірде де әйелдің парасаты мен жауапкершілігін терең бейнелеп көрсетті. 

Гүлмира Дайрабаева El-Women-ға берген сұхбатында журналистика мен мемлекеттік қызметтің қиындығы, отбасы мен мансап арасындағы тепе-теңдік, сондай-ақ ене мен келін арасындағы сыйластық туралы шынайы ойымен бөлісті.