АҚШ-тың жаңа президенті болып кім сайланғаны анықталды
06.11.2024 12:39
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мәлімдеді.
Дональд Трамп сайланған президентіміз атанды, Америка халқы бүгінгідей заманда Трампты таңдады, - деп жазды ол X-тегі парақшасында.
Көп ұзамай ескі де жаңа президенттің ұлы Эрик Трамп әкесінің Палм-Бичтегі штабта жақтастарының алдында сөз сөйлеуге дайындалып жатқан суретін жариялады.


