АҚШ-тың Украинадағы елшісі отставкаға кететін болды
11.04.2025 10:40
Фото:
жасанды интеллект DALL-E-3
АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк қызметінен кетуге шешім қабылдады. Ол бұл лауазымды 2022 жылдың мамыр айынан бері, яғни бұрынғы президент Джо Байден әкімшілігі тұсында тағайындалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елшіліктегі үш жылдық қызметі барысында Бринк АҚШ-тың Украинаға әскери көмегін белсенді қолдаған дипломат ретінде танылды.
АҚШ Мемлекеттік департаменті оның отставкаға кететінін растады. Ведомствоның мәлімдеуінше, Бринктің үш жылдық миссиясы – соғыс жүріп жатқан аймақтағы елші үшін ұзақ мерзім саналады.
Financial Times басылымының жазуынша, Бринктің отставкаға кетуіне қазіргі президент Дональд Трамп әкімшілігімен болған саяси келіспеушіліктер себеп болған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

