АҚШ-тың баж салығы: Қазақстанның сауда министрлігі мәлімдеме жасады
03.04.2025 15:30
Фото:
bbc.com
Енгізілген тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа экспортының жалпы көлемінің тек 4,8%-ына ғана әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
АҚШ тарапынан қабылданған жаңа сауда шараларын алдын ала талдау нәтижесінде, Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарларының елеулі бөлігіне қосымша тарифтердің әсері болмайтыны анықталды. Өйткені олар АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілерінде көзделген ерекшеліктер тізіміне енгізілген, - деп хабарлады ведомстводағылар.
Министрлік хабарлағандай, үкімет Қазақстанға қатысты қосымша баждарды қолданбау мүмкіндігін талқылау үшін АҚШ тарапымен консультациялар жүргізуге ниетті.
Қосымша баж белгілі бір тауар топтарына қатысты енгізіледі. Бұл санаттағы тауарлардың экспорт көлемі былтыр 95,2 млн АҚШ долларын құрады.
Олардың ішінде мына тауарлар бар:
Қазақстанның АҚШ-қа экспорт құрылымында негізгі орын алатын тауарлар — шикі мұнай, уран, күміс, ферросплавтар және басқа да тауарлар. Бұл санаттағы өнімдер АҚШ президентінің "Тауарлар саудасындағы маңызды және тұрақты тапшылықты жою мақсатында өзара тарифтер арқылы импортты реттеу туралы" жарлығы бойынша ерекшеліктер тізіміне енгізілген тауарлардың 92%ын құрайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

