АҚШ-тың Денвер қаласындағы халықаралық әуежайда бортында 179 жолаушысы бар ұшақ өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Майами қаласына бет алған лайнер шассидегі ақауға байланысты ұшуын тоқтатуға мәжбүр болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына дәл осы техникалық ақау себеп болған.
Оқиға салдарынан кем дегенде бір адам жарақат алған. Жолаушылар салоннан шұғыл жағдайда арнайы сырғымалы траптар арқылы эвакуацияланды.
Оқиғаға байланысты әуежайда шамамен 100 рейс кешіктірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Тергеумен АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы айналысуда.
Айта кетейік, бұған дейін де АҚШ-та ұшақ бортында өрт шыққан жағдайлар тіркелген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

