youtube.com/@Fox29Philly

АҚШ-та Трамп пен Путиннің келіссөздері басталды

Владимир Путин мен Дональд Трамптың тарихи келіссөздері 15 тамызда Аляскада басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Келіссөздердің басында қос ел президенті баспасөзге ешқандай мәлімдеме жасамай, журналистердің сұрақтарына жауап берген жоқ.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путинді Анкоридждегі әскери базаның ұшу алаңында жеке өзі қарсы алған болатын.

Келіссөздер барысында Трампқа АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофф қосылады. Ал Путинге Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президент көмекшісі Юрий Ушаков ілеседі.