АҚШ-та шаңды дауыл әуежайға зақым келтірді
26.08.2025 18:18
Фото:
Видеодан алынған кадр
АҚШ-тың Аризоны штатындағы Финикс қаласында шаңды дауыл тұрды, деп хабарлады El.kz интернет порталы.
Салдарынан 41 мыңнан астам адам жарықсыз қалып, жергілікті Скай-Харбор әуежайына зақым келген.
Yahoo News мәліметінше, дауыл жергілікті уақыт бойынша 25 тамыз күні кешке басталған. .
АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасының мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты әуежай жарты сағатқа ұшақтардың ұшып шығуын тоқтатты.
Нәтижесінде:
үш рейс тоқтатылды,
104 рейс кешіктірілді,
бір рейс басқа әуежайға бағытталды.
Әуежай өкілі ғимарат ішінде су ағып, басқа да зақымданулар тіркелгенін айтты. Шығын көлемі әзірге есептеліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

