Жаңалықтар

АҚШ-та мұғалімдер Дональд Трампты сотқа берді

АҚШ-та мұғалімдер Дональд Трампты сотқа берді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 26.03.2025 03:09 421

АҚШ-тың мұғалімдер одақтары мен Өзге нәсілдердің прогресіне жәрдемдесу ұлттық қауымдастығы (NAACP) АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігін сотқа берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

The New York Times басылымының жазуынша, сотқа жүгінуге биліктің АҚШ-тың Білім министрлігін жабу туралы шешімі себеп болған.

Трамп әкімшілігі бұл өмірлік маңызды агенттікті жабу ниетін бірнеше рет мәлімдеген, соңғы рет 2025 жылғы 20 наурыздағы жарлықта атап көрсетілді, – делінген сотқа ұсынылған шағымда.

Басылымның мәліметінше, екі арыз түскен: бірін Ұлттық білім беру қауымдастығы (NEA) мен NAACP Мэриленд штатының сотына берсе, екіншісін Америкалық мұғалімдер федерациясы (AFT) Массачусетс федералды сотына тапсырған.

Наурыз айының өзінде Білім министрлігінен 1,3 мыңнан астам қызметкер жұмыстан босатылғаны атап өтілді. Сонымен қатар шағым авторлары мұғалімдерді даярлау мен зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға арналған 1,5 миллиард доллардан астам сомаға келісімшарттар мен гранттардың жойылғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға