Жаңалықтар

АҚШ-та коронавирустың жаңа түрі өршіп барады

АҚШ-та коронавирустың жаңа түрі өршіп барады
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 31.08.2023 20:33 900

АҚШ-та ковидтің "Eris" деп аталатын түрі тез тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Хабар24-ке сілтеме жасап.

Соңғы аптада бұл вирусты жұқтырып ауруханаға түскендер саны күрт артқан.

Дәрілерлер ковид күзге қарай тіпті өршуі мүмкін деп дабыл қағып отыр. Ковидттің "Eris" деп аталатын түрі қазір АҚШ-тағы негізгі штаммдардың біріне айналды. Бұл – омикронның субварианты, өте жұқпалы саналады. Тамызда АҚШ-та тіркелген науқастардың бестін бірінен инфекцияның осы түрі анықталды. 

Соңғы бірнеше аптада індеттің өршігенін байқадық. Өзін жайсыз сезініп келген науқастардың көбінде КОВИД бар екені анықталды. Бұған дейін бізге келетіндердің орта есеппен 2-4% инфекция шықса, өткен аптада бұл көрсеткіш шамамен 12%-ға жетті. Вирус жұқтырып, ауруханаға келушілер көбейіп барады, - деді Лонг-Айленд ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің жетекшісі Фредерик Дэвис.

Соңғы екі аптада орташа тәуліктік статистика 20 пайызға өскен. Жалпы елдегі эпид-ахуал күн суыған соң тіпті ушыуы мүмкін.  АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы қазан айында ғана індеттің жаңа түріне төтеп беретін екпені шығаруға рұқсат беруі мүмкін. Ал дәрігерлер қазіргі вакциналар омикронның жаңа субвариантына толық қарсы тұра алмайды деп алаңдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға