Жаңалықтар

АҚШ-та екінші адамға шошқаның жүрегі салынды

АҚШ-та екінші адамға шошқаның жүрегі салынды
Фото: Guillaume Bonnefont / Keystone Press Agency / Global Look Press 25.09.2023 11:31 869

Мэриленд университетінде екінші рет адамға генетикалық түрлендірілген шошқа жүрегі салынды. Бұған дейінгі науқас мұндай жүрекпен екі ай өмір сүрген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

АҚШ-тағы Мэриленд университеті, Медицина орталығының мамандары тарихта екінші рет адамға генетикалық түрлендірілген шошқаның жүрегін сәтті орналастырды. Америкалық ӘТК ардагері, 58 жастағы науқас отадан кейін өзін жақсы сезінеді, қосымша құрылғыларсыз дем алады. Ал оған орналастырылған жүрек «сыртқы құрылғылардың көмегінсіз, қалыпты жұмыс істеп тұр», - делінген 22 қыркүйекте университет сайтына салынған ақпаратта.

Фосетте бұған дейін жүрек-қан тамыр ауруы мен ішкі қан кету болғандықтан адамның донор жүрегін қабылдауға қабілетсіз деп танылды.

Соңғы үмітім – шошқа жүрегі. Қалай болғанда да, енді мүмкіндігім бар, - деді ол ота алдында.

Фосетт ағзасы донор мүшені қабылдамай қоймас үшін арнайы препараттар мен антидене ішіп жатыр.

Бұған дейін осындай ота дәл осы медицина орталығында 2022 жылы жасалған. 57 жастағы науқас Дэвид Беннетт «көптеген фактор, оның ішінде денсаулығының нашарлығына» байланысты екі айдан кейін қайтыс болды, деп мәлімдеді медицина қызметкерлері.

Қазір АҚШ-тың өзінде генетикалық түрлендірілген жануарлардың ағзасын өзіне қондыруға 100 мыңнан астам адам кезекте тұр. Мамандар осы арқылы донорлық мүше жетіспеу мәселесін шешуді көздейді. Бұған дейін Нью-Йорк университеті жанындағы Лангон Медицина орталығында миы өлген адамға шошқа бүйрегі салынды. Ол адам ағзасында 61 күн жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға