UPI

АҚШ-та әйел өз туған күнінде 626 мың доллар ұтып алды

21.09.2025 03:17

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында тұратын әйел өзінің  туған күнінде онлайн-лотерея ойнап, 626 мың доллар ұтып алды. Бұл туралы UPI-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Оушен-Айл-Бич қаласының тұрғыны Челси Картер 40 жасқа толған мерейтойын ерекше атап өтпек болып, түнгі сағат екі шамасында лотереяға қатысқан. Көп ұзамай ол күтпеген жерден джекпот ұтып, жарты миллион доллардан астам қаржыға ие болды.

Мен қатты таңғалдым. Жолдасымды оятып: «Қарашы, мен 626 мың доллар ұттым!» дедім. Ал ол күліп, қайта көзін жұмды, – деп еске алды қуанышты сәтін Картер.

Америкалық келіншек бұл жеңісті өміріндегі ең үлкен туған күн сыйы деп бағалады. Ол ақшаның бір бөлігін инвестицияға жұмсап, қалғанын балалардың есепшотына салмақ.