АҚШ-қа визаны ұлым үшін ғана алдым – Мадина Сәдуақасова
23.01.2025 23:50
Фото:
instagram.com/sadvakasovamadina
Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова АҚШ-қа виза алуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесінің сөзінше, оның өзге елге көшетін ойы жоқ.
Шетелге көшу деген ойым жоқ. АҚШ-қа болсын, өзге елдерге болсын тек қыдыруға, демалысқа барамын. Өзімді шынайы патриотпын деп есептеймін.
Ұлым баскетболды ерекше жақсы көреді. Оның АҚШ-тағы баскетбол клубтарының бірінің ойынын көрсем деген арманы бар, ал мен сол арманын орындасам деймін. Алдымен Әнуарымның арманы үшін виза алдым. Визаны бізге он жылға берді. Жолдасым режиссер ғой. Сондықтан Голливудты да көріп қайтсақ дейміз. Бұған дейін өзім АҚШ-та болғанмын, енді отбасыммен демалысқа барып келсек деген жоспарымыз бар, - деді әнші.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

