1 қазаннан бастап АҚШ жаңа визалық алымды енгізеді. Оның бастапқы мөлшері 250 долларды (2025 жылғы 23 қыркүйектегі бағам бойынша 135 мың теңгеден асады) құрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Golf News дерегінше, жаңа төлем Visa Integrity Fee («адалдық алымы») деп аталады. Ол туристік, еңбек, студенттік және басқа да қысқа мерзімді визаларға қатысты болмақ. Қолданыстағы қаржы жылы, яғни 2025 жылдың қазанына дейін төлем көлемі 250 доллар болады. Ал 2026 жылдан бастап алым тұтыну бағалары индексіне сәйкес жыл сайын инфляцияны ескеріп қайта қаралады.
2023 жылдың маусымынан бері иммиграциялық емес виза үшін төлем 185 доллар болып белгіленген еді (консулдық қызмет пен қауіпсіздік шараларының нақты құны). Енді бұл сома 435 долларға (235 мың теңгеден аса) жетеді.
Иммиграция ережелерін сақтау үшін енгізілген жаңа алым иммиграциялық бақылауды қолдауға, визамен елде болу мерзімін асыра пайдалану жағдайларының алдын алуға және шекара қауіпсіздігін қаржыландыруға бағытталған. Кейбір санаттағы өтініш берушілер сапар мақсатына немесе екіжақты келісімдерге байланысты бұл төлемнен босатылуы мүмкін.
Айта кетсек, 2024 қаржы жылы АҚШ шамамен 11 миллион иммиграциялық емес виза берген.

