АҚШ президенті Джо Байден Израильге барады
Фото: © Wikimedia
Фото: © Wikimedia
17.10.2023 09:51
2232
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джо Байден өзінің сапары арқылы АҚШ-тың Израильмен ынтымақтастығын көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байденнің сапары Израильге қолдау көрсетуге арналған. Ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен және басқа израильдік шенеуніктермен кездеседі деп жоспарланған.
Сондай-ақ, Америка гуманитарлық көмекті Газа секторына ХАМАС пайда көре алмайтындай етіп жеткізуге ниетті.
Израильден кейін Джо Байден Иордания астанасына барады. Амманда ол Иордания Королі Абдулла II, Египет президенті Абдель Фаттах Сиси және Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев пен Цзиньпин қандай келісімге келді
Келесі жаңалық
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасы өртенді