Reuters

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанаға ресми сапармен келді

28.02.2023 12:26

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақ үй өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Сонымен қатар Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының С5+1 форматында кездесуі жоспарланған.