Жаңалықтар

Ақпараттық доктрина, Масс-медиа туралы заң: биыл еліміздің ақпарат саласында қандай өзгеріс болды?

Ақпараттық доктрина, Масс-медиа туралы заң: биыл еліміздің ақпарат саласында қандай өзгеріс болды?
Фото: © ОКҚ 26.12.2023 13:06 988

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздің ақпарат саласындағы өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр осы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының жарлығымен сөз бостандығын одан әрі қамтамасыз етуге, отандық медиасфераның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ақпараттық егемендікті нығайтуға бағытталған «Ақпараттық доктрина» бекітілгенін атап өтті.

Тамыз айында Үкіметтің қаулысымен оны іске асыруға бағытталған іс жоспары қабылданды. Доктринадан туындайтын аса маңызды заң жобаларының бірі министрлік бастамасымен жүзеге асқан "Масс-медиа туралы" заң жобасы болды. 30 қарашада Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтті. Онда заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Қазіргі уақытта жұмыс тобының отырыстары аясында талқылау жұмыстары жалғасуда,- деді министр.

Спикердің айтуынша, журналистер мен Мәжіліс депутаттарының пікірін ескере отырып әзірленген «баспасөз картасы» ұғымын айқындау тәсілдері қайта қаралатын болады.

Жалпы, депутаттар заң жобасы бойынша 114 түзету енгізді (оның ішінде – 64-і қабылданып, 10 түзету пысықталуда).

Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданды. Заң жобасы аясындағы басты мәселердің бірі – мемлекеттік тілдегі онлайн-платформалар интерфейсін дамыту.

Жарнама контентін жариялайтындарға жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беріледі. Бұл ережелер барлық қажетті талдаудан өтті және 2024 жылғы ақпанның соңына дейін қабылданады. Олар коммерциялық негізде материалдарды жариялайтын онлайн-платформа пайдаланушыларына әсер ететін болады.

Жалған ақпарат таратқан пайдаланушылар мен инфлюенсерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Олар: 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке  дейін айыппұл және бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу. Бұл норма қазірдің өзінде жұмыс істей бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға