Ақпаратты объективті тарату – біздің басты міндетіміз – Михаил Калмыков

ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Калмыков ақпараттық агенттіктердің жұмысының өзектілігіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Михаил Калмыков ақпарат агенттіктер – жаңалықтарды тарату орталығы ғана емес, бұл трендтерді, үрдістерді қалыптастыратын бұқаралық ақпарат өкілдері екенін айтты.
Ақпаратты дұрыс, объективті тарату – біздің басты міндетіміз. Біз 60 мемлекетте жұмыс істеп жатырмыз. Агенттігіміз ғасырлар бойы жинаған тәжірибесімен әлемге ақпарат таратады. Президентіміз де ТАСС агенттігіне үлкен сеніммен қарайды, - деді ол.
Сонымен қатар ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары өзгеріске толы заманда өмір сүріп жатқанымызды атап өтті.
Өзгеріс әрдайым қиындықпен келеді. Сондықтан біздің адами тұрғыдан өзгеріс заманын қалай өткеретініміз маңызды. Технология туралы қанша айтсақ та, барлығы соңында адамдарға келіп тіреледі. Адамсыз технологияның мән-мағынасы, құндылығы болмайды. Сондықтан қазіргі таңда технологиялардың көбейуіне қарамастан, азаматтарға дұрыс ақпарат жеткізе білу керек, - деді ол.
