Жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова қызметінен босатылды

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлім етті
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова қызметінен босатылды
Фото: Үкімет 13.12.2022 12:19 1335

ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова берген өтініші бойынша ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген.

Саранның Абай атындағы педагогикалық училищесін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Электрондық БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, бас сарапшысы, бөлім бастығы.

2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары — ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2020 жылдары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

2020-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.

2022 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға