Жаңалықтар

Ақорданың жобасы емеспіз – Respublica партиясы

Ақорданың жобасы емеспіз – Respublica партиясы
Фото: El.kz 15.02.2023 16:49 2277

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров екі үміткердің сайдаудан не үшін бас тартқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Біріншіден, екі адам бас тартты. Олардың ішкі мәселелері, отбасы көшуге дайын болмағандықтан бас тартты. Ешқандай саяси мәселе емес»,- деді партия төрағасы.

Партияға өтуге аз орын берілген жағдайда бірінші партия төрағалары өтетінін айтты. Сондай-ақ Respublica партиясын «Ақорданың жобасы» дегендерге де жауап берді.

«Біз ешкімнің жобасы емеспіз. Менің ойымша, біреудің жобасы болу үшін, әсіресе, Ақорданың жобасы болу үшін біз сияқты еркін кәсіпкерлер, қаражат жағынан еркін, ой-пікір жағынан еркін. Біз сияқты қыз-жігіттерді жинап, жоба жасау өте қауіпті болатын еді. Біз әрқайсысымыз тұлғамыз. Әрқайсысымыздың мыңдаған адамнан тұратын ұжымымыз бар»,- деді ол.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде «блогерлердің партиясы» деп атап жатқандарға қатысты пікір білдірді.

«Блогерлерден біздің тізімде тек Бейбіт Әлібек қана бар. Біздің негізгі құрам кәсіпкерлерден құралған. Біз қолынан нақты іс келетіндердің партиясымыз. Біздің қатарымызда шағын және орта бизнес өкілдері, мұғалімдер, дәрігерлер, ауыл шарауашылығы саласы өкілдері де бар, - деді Айдарбек Ходжаназаров.

Айта кетейік, Respublica партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға қатыспайтын болды. Сондай-ақ ОСК Respublica партиясы тізімінен тағы екі адамды алып тастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға