Ақордаға Армения президенті келді
EL.KZ Информационно-познавательный портал
15.10.2024 12:00
Фото:
Ақорда
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Армения президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

