Ақордада Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
30.10.2024 18:21
972
Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Жоба заманауи технологиялық шешімдердің көмегімен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Кездесуде инновациялық технология және «ақылды» инфрақұрылым салаларында Қазақстан мен G42 компаниясы арасындағы ықпалдастықты кеңейтудің тың мүмкіндіктері қарастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакинаның қарсыластары анықталды
Келесі жаңалық
2024 жылы болған жантүршігерлік қылмыстар