Ақордада Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
EL.KZ Информационно-познавательный портал
30.05.2025 11:45
Фото:
Ақорда
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан президенті мен Италия премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

