14 Қазан 2025, 19:45

Ақмоланың ақ дәмі: табиғи өніммен танылған «Гормолзавод

«Гормолзавод» - Ақмола өңірінің ең ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының бірі. Мұнда күніне 100 тоннаға дейін сүт өңделіп, 50-ден астам өнім түрі өндіріледі. Айран, йогурт, сүзбе, қаймақ, май және балмұздақ барлығы осы жерден шығарылады. Кәсіпорын толықтай заманауи еуропалық технологиямен жабдықталған. Әрбір өнім табиғилығы және сапасымен ерекшеленеді. Өндіріс процесі автоматтандырылған, ал шикізат Ақмола облысының экологиялық таза фермаларынан жеткізіледі. Мемлекет тарапынан да үлкен қолдау бар. «Даму» қоры арқылы кәсіпорын жеңілдетілген несие алып, жаңа жабдықтар орнатты. Сонымен қатар зауыт «Өрлеу» бағдарламасы аясында инвестициялық несие алып, өндіріс желісін кеңейтіп келеді. Завод жайлы толығырақ «Біздің Brand» жобасының арнайы дайындаған шығарылымынан көріңіз.