Жаңалықтар

Ақмолалық шаруалар елордаға өз өнімдерін әкеледі

жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз, тікелей өткізуге мүмкіндік береді
Ақмолалық шаруалар елордаға өз өнімдерін әкеледі
Фото: egemen.kz 28.10.2022 08:13 1376

Алдағы демалыс күндері елордада өтетін кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Ақмола облысының өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

29-30 қазан күндері Ақмолалық шаруалар елорда тұрғындары мен қонақтарына 850 тоннадан астам жоғары сапалы экологиялық таза өнім ұсынады деп күтілуде.

Оның ішінде 200 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 100 тонна сүт және сүт өнімдері, 100 тонна көкөніс, 25 тоннадан астам ұн, 13 тонна жаңа піскен балық, 8 тоннадан астам кондитер өнімдері және нан өнімдері, шамамен 1 млн дана жұмыртқа, сондай-ақ облыста өндірілетін басқа да өнімдер бар.

Айта кетсек, жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға өткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде өнімдердің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

Жәрмеңке «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаңда өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға