Жаңалықтар

Ақмолалық құтқарушылар жолда қалған сексеннен астам адамды құтқарды

Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы  ақпаратты 1403 нөмірі бойынша білуге болады
Ақмолалық құтқарушылар жолда қалған сексеннен астам адамды құтқарды
Фото: pixabay 27.11.2022 19:00 1667

Кеше түнде ауа-райының нашарлауына байланысты «қатты аяз» салдарынан «Екатеринбург - Алматы» автожолынан құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен 62 адамды жолаушылар автобусынан эвакуациялады, оның ішінде 8 бала, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі  Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осылайша, Ресей Федерациясының 10 азаматы, Өзбекстан Республикасының 10 азаматы және Тәжікстан Республикасының 42 азаматы Көкшетау қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды, зардап шеккендер жоқ.

Сағат 21.57-де Ерейментау қаласының № 24 өрт сөндіру бөліміне Жол полициясы қызметкерінен Астана-Павлодар тас жолында 187 шақырымға «Сарыағаш-Новосібір» рейсімен жолаушылар автобусы бұзылғаны туралы, онда 11 адам оның ішінде 5 баланы эвакуациялау қажеттігі жөнінде телефон хабарламасы түседі. Құтқарушылар дереу шақыру орнына барып, Өзбекстан азаматтарын «Ерейментау қаласының агротехникалық колледжі»-ндегі жылыту пунктіне эфакуиациялаған болатын.

Сонымен қатар, Атбасар ауданында, Бастау а. дизель отынының қатып қалуына байланысты жүк көлігі жолда тұрып қалған. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Қырғызстан Республикасының төрт азаматтары жылыту пунктіне орналастырылды. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар автожолдан Аршалы ауданында төрт адам және бір автобус орналастырылды. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жолдардың жабылуы туралы СМС хабарлама алған кезде жолға шықпауларын сұрайды.

Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы  ақпаратты «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға