Ақмолалық құтқарушылар жаппай қан тапсырды
22.10.2024 19:00
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақмолалық құтқарушылар жаппай қан тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көкшетау қаласының қан орталығы облыстық ТЖ департаментінде бағалы биоматериалдарды көшпелі жинауды ұйымдастырды. Донорларды қабылдау таңертеңнен басталды. Қан тапсырғысы келетіндердің әрқайсысы медициналық тексеруден өтіп, қан орталығының дәрігерлері биоматериалды алуға қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын қатаң бақылап отырды. Бұл күні ведомствоның 24 қызметкері қан доноры болды.
ТЖМ мәліметінше, төтеншеліктердің көпшілігі бұған дейін тұрақты қан доноры болып табылады. Сонымен бірге олар медициналық мекеме өткізетін акцияларға белсенді қатысып жүр.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

