Ақмолалық құтқарушылар 100 ағаш отырғызды
05.10.2024 16:16
Фото:
Ақмола облыстық ТЖД
Ақмолада облыстық ТЖД қызметкерлері 100 жас қарағай көшетін отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара Көкшетау қаласының 2-МӨСБ аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтті. Құтқарушылар мен олардың отбасылары ағаш отырғызуға шықты.
Мұндай акциялар елдің экологиясын жақсартып қана қоймай, ұжымның да, қызметкерлеріміздің отбасыларының да жақындасуы мен бірігуіне ықпал етеді. Аязға дейін 500 - ден астам көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Алашов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

