Ақмолалық полиция инсульт алған қарт әйелді құтқарды
Фото: khabar.kz
Фото: khabar.kz
05.02.2023 04:02
921
Ақмолалық полиция инсульт алған қарт әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Учаскелік инспектор Нұрсұлтан Қаратаевқа жергілікті тұрғын Людмила Иващенко хабарласып, оның қарт көршісі екінші күн үйінен шықпай жатқанын айтты.
Полиция қызметкері дереу көрсетілген мекенжайға келіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін ол үйдің есігін ашып, еденде ес-түссіз жатқан қарияны көреді.
81 жастағы зейнеткер инсульт алып, дәрігерлерді өздігінен шақыра алмаған болып шықты.
Қазір қария ауруханада, оған қажетті көмек көрсетілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мегаполис басшысы тұрғындармен кездесті
Келесі жаңалық
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті