Ақмолалық полицейлер жолда қалған шетелдіктерге көмектесті
Ақмола полицейлері Әзербайжан азаматына төрт сағаттан аса уақыт бойы көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, 1 қаңтарда Қостанай - Әулиекөл - Сурған автожолында құтқару операциясы жүргізілді.
Аға лейтенант Санжар Қожеғұлов пен лейтенант Иван Захаров құрамындағы "Тұлпар-16" экипажы трассаны патрульдеу кезінде көмек туралы сигнал алды. Жолда 20 тоннадан астам жасымық тасымалдаған Әзербайжан азаматы қиын жағдайға тап болды. Жүргізуші басқаруды жеңе алмай, ауыр жүгі бар көлікпен жол жиегіне түсіп өздігінен шыға алмаған, - делінген мәліметте.
Шетелдіктің түсіндірмелерін тыңдағаннан кейін инспекторлар құтқару операциясына кірісті. Полиция қызметкерлері қажетті құрылғылары бар басқа да арнайы мамандардың көмегімен жол жиегіне фураны алып шықты, бұл ретте басқа көлік құралдары үшін қозғалыс қауіпсіздігін және жүктің сақталуын қамтамасыз етті.
Өз жолын әрі қарай жалғастырмас бұрын жүргізуші Сархан Мамадов полицейлерге және құтқару операциясына қатысқан барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.