Жаңалықтар

Ақмолалық азамат көршісінің 20 млн теңгесін ұрлап кеткен

Ақмолалық азамат көршісінің 20 млн теңгесін ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz 01.03.2023 18:07 814

Полицейлер көршілерінің үйінен 20 миллион теңге ұрлаған ақмолалықты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмолалық полицейлер 26 ақпан күні Қосшы қаласында ірі пәтер ұрлығын тіркеді. Жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, ол бір жыл бойы 20 млн теңге көлемінде ақша жинап, жатын бөлмесінде сақтаған. Ұрлық болған күні өтініш берушінің өзі де, отбасының басқа мүшелері де үйде болмаған, ал оқиға болған жерді тексеру барысында қандай да бір бұзып кіру іздері табылмады, күдікті үйге кілттердің телнұсқасын пайдаланып кірген.

Ұрлық фактісін полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келесі күні Қосшы қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің көршісін Қарағанды қаласының аумағында қолға түсірді. Қазіргі уақытта ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға