Жаңалықтар

Ақмолада заңгер прокуратура қызметкеріне 20 мың доллар пара ұсынды

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті
Ақмолада заңгер прокуратура қызметкеріне 20 мың доллар пара ұсынды
Фото: 7kun.kz 30.01.2023 18:09 903

2023 жылдың 26 ​​қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп «Cash Ville» казиносы заңгерінің қылмыстық әрекетіне ден қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Прокурорлық тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісі құжатталған.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.2023 жылдың 28 қаңтарында Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға