Ақмолада ҰОС ардагерлері 3 млн теңгеден алады
15.04.2024 21:08
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Ақмолада ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасы ұлғайтылды. Биыл ардагерлер 3 миллион теңгеден алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар өңірлік басқармасының ақпараты бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де 10 – нан 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төлем алады.
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдар және басқа мемлекеттердің аумағындағы қимылдарының ардагерлері 25 АЕК алады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 6 ардагер тұрады.

