Ақмола облысында 73 жастағы әйел пәтерінен құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Көкшетау қаласында 1952 жылы туған әйелдің ұзақ уақыт бойы есік ашпай жатқаны туралы хабар түскен.
Шақырту орнына дереу жеткен құтқарушылар арнайы аспалы құралдардың көмегімен пәтердің есігін ашып, жуынатын бөлме еденінде жатқан әйелді тапты. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Осы орайда төтенше жағдайлар министрлігі егде жастағы адамдарды қараусыз қалдырмауға және оларға тұрақты түрде назар аударып отыруға кеңес беріп отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

