Ақмолада құтқарушы-дәрігерлер Польша азаматына көмек көрсетті
18.02.2025 05:31
Фото:
Ақмола облыстық ТЖД
Ақмола облысында құтқарушы-дәрігерлеріне 1977 жылы туған ер адамға медициналық көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түскен, деп хабаралйды El.kz ақпарат агенттігі.
Польша азаматының Астана-Петропавл автожолының 171 шақырымында денсаулығы кенеттен сыр берген. Шақыру орнына Макинск қаласының трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жетті.
Ақмола ТЖД құтқарушы-дәрігерлері ер адамға алғашқы көмекті көрсетіп, оны Бұланды ауданының орталық ауруханасына жеткізді.

