Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмолада қоймадағы шөп өртенді

13.07.2024 03:36

Ақмола облысында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында қоймадағы шөп өртенді. Оқиға Целиноград ауданының Арайлы ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын аумағы - 60 шаршы метр. Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында қызыл жалынның жақын маңдағы шаруашылық құрылысына таралуына жол берілмеді. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.