Ақмолада аса ірі көлемде ұрлық қылмысын жасағандар ұсталды
Ақмола облысында 40 миллион теңгеге жуық ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде комбайндардан 39 миллион 627 мың теңгеге қосалқы бөлшектерді ұрлады деп күдіктелген үш адамды ұстады. Қылмыс биыл сәуір айында Ақмола облысының Егіндікөл ауданында тіркелген.
Қосалқы бөлшектер 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың сәуіріне дейін жергілікті ЖШС аумағынан алты ай ішінде ұрланғаны анықталған.
Ұрлық фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, жедел – іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері арнайы бөлініс жауынгерлерінің күштік қолдауымен Егіндікөл ауданында 35, 30 және 25 жастағы үш күдікті ұсталды. Қыс мезгілінде 30 жастағы ақмолалық шанамен ЖШС аумағынан қосалқы бөлшектерді әкетіп, содан кейін екі сыбайласының көмегімен Атбасар ауданындағы сатып алушыға сатқаны алдын ала анықталды,-деп атап өтті облыстық полициядан.
Ұрланған барлық бөлшектер табылып, заттай дәлелдеме ретінде іске тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

