Ақмолада 6 адам заңсыз алкоголь өндіріп, 350 млн теңге тапқан
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
19.06.2024 10:43
586
Ақмола облысының аумағында жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тоқтатты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Степногорск қаласының тұрғынының басшылығымен 6 адамнан тұратын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь өнімдерін сатқан адамдар тобы әшкереленді.
20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелкелер, құрамында спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді. Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты, - делінген ҚМА ақпаратында.
Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Путин 24 жылда алғаш рет Солтүстік Кореяға барды