Жаңалықтар

Ақмола тұрғынын өндіріс орнында тоқ соқты

Ақмола тұрғынын өндіріс орнында тоқ соқты
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 24.08.2023 12:32 639

Степногор қаласында ер адамды тоқ соғып, «қол-аяғының электрлік күйігі» диагнозымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпорындардың бірінде электрик боп жұмыс істеген.

Анықталғандай, ер адам қаладағы кәсіпорындардың бірінде электрик болып жұмыс істеген. Өндіріс орнында трансформаторды жөндеу кезінде ток соққан. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 1-бөлігі бойынша («Еңбекті қорғау заңнамасының бұзылуы») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріп жатыр, - деді ведомстводан.

Айта кетейік, 2022 жылы республика кәсіпорындарында 1465 адам зардап шегіп, оның 203-і қаза тапты. Жыл сайын статистика органдары еңбек жағдайлары бойынша іріктеп тексеру жүргізеді.

Оның нәтижелері бойынша 2022 жылы зерттелген 1,6 млн жұмыскердің 386 мыңы немесе әрбір төртіншісі (21,3%) зиянды факторлардың әсерінен, соның ішінде шу мен діріл деңгейінің жоғарылауынан әрбір екінші адам (46,8%), жұмыс аймағының жоғары газдануы мен шаңдануының әсерінен – әрбір үшінші (33,2%) және қолайсыз температуралық режимнің кесірінен – әрбір алтыншы (16,7%), ауыр дене еңбегімен айналысқан 102,7 мың адам (6,1%) зардап шегіп, зиянды жұмыс жағдайларында еңбек еткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға