Жаңалықтар

Ақмола тұрғындары интернет-алаяқтарға алданып қалды

Ақмола тұрғындары интернет-алаяқтарға алданып қалды
Фото: polisia.kz 20.12.2022 18:02 811

Ақмола тұрғындары интернет-алаяқтарға алданып қалды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 желтоқсанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынынан интернет-алаяқтық туралы өтініш келіп түсті. Әйел бір күн бұрын Instagram әлеуметтік желісінде жаңа жылдық шыршаларды сату сылтауымен 130 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.

Алаяқтық мәміленің тағы бір фактісі 16 желтоқсанда жергілікті тұрғынның өтініші бойынша Целиноград ауданында тіркелді. Жәбірленуші Астана қаласында пәтерді жалға беру сылтауымен бейтаныс ер адам 130 мың теңге иемденгенін хабарлады.

Өтініш берушінің айғақтары бойынша ауызша жалға алу шартын жасағаннан кейін төлемді банктік картаға аударған. Екі факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Қылмыс жасауға қатысы бар адамдар анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға