Жаңалықтар

Ақмола полицейлері көлік ұрыларын ұстады

Ақмола полицейлері көлік ұрыларын ұстады
Фото: polisia.kz 31.07.2024 16:24 444

Ақмола полицейлері көлік ұрыларын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 шілдеде жергілікті тұрғын Есіл ауданының полиция бөліміне хабарласып, үйдің ауласынан сағат 13:00 шамасында оған тиесілі DODGE автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткенін хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, екі ер адам көлікті сатып алатындықтарын айтып, тексеру үшін ауланы айналып айдап көрмек болған. Алайда рөлге отырған күдіктілер белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері бұл көлікті Жақсы ауылына қарай жоғары жылдамдықпен келе жатқанын анықтады. Алматы – Екатеринбург автожолында 980 шақырымға дейін қудалау нәтижесінде автокөлікті Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Санжар Қожеғұлов пен Ерлан Дарбаев ұстады.

Көлікті ұрлап кетпек болған Астана қаласының екі тұрғыны ұсталып, Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді, олардың біреуі бұрын 190-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға