Жаңалықтар

Ақмола полицейлері елордада гастролер-ұрыларды қолға түсірді

Ақмола полицейлері елордада гастролер-ұрыларды қолға түсірді
Фото: polisia.kz 11.03.2023 12:26 1922

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына 6 наурыз күні сағат 8:30-дан 12:30-ға дейінгі аралықта үйге пластикалық терезені бұзу арқылы кіріп, 500 мың теңге сомасында ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен 28 жастағы тұрғыны жүгінді.

Залал сомасы 760 мың теңгені құрады. Өтініш беруші жұмыста болған, үйге ұры түскен фактіні ақмолалықтың туыстары анықтап дереу полицияға жүгінген.

Қабылданған шаралар кешенінің арқасында Астана қаласында Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері Астана қаласы ПД әріптестерімен бірлесіп, Қостанай қаласының Южный полиция бөлімі мен СҚО Қызылжар аудандық полиция бөлімімен іздеуде жүрген, “пәтер ұрысы” санаты бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматты қолға түсірді.

Бұрын істі болған 34 жастағы Қостанай тұрғынын және бұрын бірнеше рет сотталған. Заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға