gov.kz

Ақмола полицейлері 37 мас жүргізушіні ұстады

03.01.2023 12:47

Ақмола полицейлері жаңа жылдық мерекелерде 37 мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Демалыс және мереке күндері патрульдік полиция нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Басты міндеттерінің бірі - алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлікті басқару фактілерінің жолын кесу.

30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Ақмола жолдарында 37 мас жүргізуші ұсталды, 4-еуі жүргізуші куәлігінен айырыла отыра көлік басқарған, 9-ы жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырды.

Төрт күнде 50 көлік айыптұраққа қойылды.